Теміртауда дзюдодан «JENYS CUP – Огни Магнитки 2025» жарысы басталды


Теміртауда дзюдодан «JENYS CUP – Огни Магнитки 2025» жарысы басталды. Бұл жарыс Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановты еске алуға арналған және еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ көрші мемлекеттерден келген жүздеген спортшыны жинады.

Жарыстың ашылу салтанаты нағыз театр көрінісіне айналды. Қойылымға жауап берген Евгений Морозов пен Лариса Браун дайындады. Татами үстіне жүз елуге жуық жас дзюдошы шығып, өз шеберліктері мен өнерлерін көрсетті. Спортшыларды осы маңызды оқиғамен құттықтауға әйгілі спортшымыз Серік Сәпиев те келді.

Көрермендердің ерекше назарын «ДзюдоKids» академиясының «Дзюдо-game» жобасы аударды. Жобаның басты мақсаты – балаларды телефоннан алыстатып, оларды спортқа, тәртіпке және белсенді өмір салтына баулу. Мерекелік көңіл-күйді «Гузель» және «Глория» ансамбльдері қалыптастырды. Алаңда екі жүзден астам әртіс өнер көрсетті. «JENYS CUP – Огни Магнитки» дзюдо жарысының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Алексей Ломакин бұл спорт мерекесі ел намысын қорғап, жеңіс әкеліп жүрген барлық спортшыларға арналатынын ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының Туын салтанатты түрде алып шығу мен Мемлекеттік Гимнді орындау рәсімнің ең әсерлі сәттерінің бірі болды — бұл кезде әрбір қатысушының жүрегін патриоттық сезім кернеді. Биылғы «Огни Магнитки» жарысының маңызы ерекше — турнир Теміртаудың 80 жылдығына, Республика күні мен Халықаралық дзюдо күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Қатысушылар мен төрешілердің өздері бұл жарыстың дзюдо қауымдастығы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Жарыстың демеушілері мен ұйымдастырушылары – «Қарағанды облысының дзюдо федерациясы», кәсіби спорт клубы «JENYS», «Qarmet» АҚ, Теміртау қаласының әкімдігі, «Теміртау жастар клубы» және «Шаңырақ» еріктілер орталығы. Спортшылар үшін қонақүйлер, тамақтану мен көлік қызметі дайындалған. Қауіпсіздікті қалалық қызметтер мен полиция қамтамасыз етуде. Жарыстың басты идеясы өзгеріссіз – дзюдо ұрпақтарды біріктіреді. Мұнда балғындар мен ересек спортшылар бірге белдесіп, ата-аналар Қазақстан дзюдосының жаңа буынының қалыптасып келе жатқанын мақтанышпен тамашалайды.