Теміртауға балалар алаңдарын салуға «Қазақстан халқына» қоры 4 миллиардтан астам қаржы бөлді


Теміртауда «Қазақстан халқына» және «Batyr Bolamyn» қорының қолдауымен қаланың білім беру және мектеп инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Енді барлық жалпы білім беретін мектептерде, соның ішінде Ақтау кентінің оқу орындарында да футбол, баскетбол және хоккей ойнауға арналған заманауи спорт алаңдары орнатылды.