Теміртауда «AquaLab» су шаруашылығы орталығы ашылды
Теміртауда жоғары политехникалық колледж базасында «AquaLab» су шаруашылығы орталығы ашылды. Бұл – өңірде білім, ғылым және өндірісті біріктіретін алғашқы жоба. Ол Қазақстанның су саласын дамытуға тірек болмақ.