Теміртауда өрт сөндірушілер 290 шаршы метр аумақтағы өртті тоқтатты
Теміртауда ТЖ қызметкерлері Сарыарқа көшесіндегі ашық алаңда оттың таралуын дер кезінде тоқтатты. Өрт пайдаланылған автокөлік дөңгелектері жерде шыққан. Жалын таралған аумақ шамамен 290 шаршы метрді құрады. Қалың түтін қаланың әр ауданынан байқалды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тез арада өрттің бетін қайтара алды.
Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
ТЖ қызметі ескертеді: тез тұтанғыш материалдарды ашық аумақтарда сақтау қатаң түрде тыйым салынады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.