«Ананың көзімен»»: 5516 әскери бөлімінің сарбаздары ата-аталарымен қауышты


Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінде «Ананың көзімен» атты ашық есік күні өтті. Бұл – 125-ші шақырылым сарбаздарының ата-аналарымен кездесу күні. Жылына екі рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл іс-шара ата-аналарға ұлдарының әскери өмірімен жақын танысуға мүмкіндік береді.

5516 әскери бөлімінде 125-ші шақырылымдағы жас сарбаздар үшін маңызды оқиға орын алды: «Ананың көзімен» атты дәстүрлі Ашық есік күні өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл іс-шара ата-аналарға ұлдарының әскери қызмет өмірімен танысуға мүмкіндік береді.

Қуаныш Ауелханұлы, 5516 әскери бөлімінің басшысының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары: «Негізі ұлттық ұлан Қазақстан бойынша әскери бөлімінде өткізелітін іс-шаралар. Ата-аналар саны әр облыстан, әр қаладан ата-аналар келеді сарбаздарымызға және балаларымен қауышады. Бүгін біз 5516 әскери бөлімінің тыныс тіршілігімен, қару-жарақ, басқа да техникалық құрал, сарбаздарымыз күнделікті қандай тағам ішеді, қандай киім киеді. Соның барлығын сарбаздарымыздың таң атқаннан кеш батқанға дейінгі жүріс-тұрыстарын ата-аналарға паш етеміз».

Салтанатты рәсім аяқталған соң, ата-аналар бөлім басшыларымен кездесіп, бөлім аумағын аралауға мүмкіндік алды бірақ ең маңызды сәт — ұлдарымен қауышу болды. Көптеген аналар үшін бұл сағынышты басудың, балаларын құшақтаудың және олардың жағдайының жақсы екеніне көз жеткізудің ұзақ күткен сәті еді. Сезімдер өте шынайы.

Дана Мукешева, сарбаздардың анасы: «Эмоциямды айтып жеткізе алмаймын. Менің екі ұлым да қызметте. Оларды қатты сағындым. Осындай Ашық есік күнін ұйымдастырғандарыңызға мың алғыс. Бұл өте қуанышты болды. Ауа райына қарамастан, міне, бүгін келдік.  Міне, менің екі ұлым, сезімдерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес».

«Ананың көзімен» іс-шарасы ата-аналарға мереке болса, сарбаздар үшін үйде оларды мақтан тұтатынын, күтіп отырған және сүйетін отбасы барын еске салдырды.