Теміртаудағы Жастар ресурстық орталығындағы «Жұмсақ дос» шеберлік сабағы
Теміртауда жастармен жұмыс барысында шығармашылық бағытты дамыту жалғасуда. Жастар ресурстық орталығында «Жұп-жұмсақ дос» атты бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабағы өтті. Оған жас суретшілер қатысып, ұстаздың жетекшілігімен өздерінің алғашқы кейіпкерлерін салуды үйренді.
Әр қатысушының өзіне ғана тән кейіпкері пайда болды — бірі жануарды үлпілдек етіп бейнелесе, енді бірі оны нәзік те сырлы етіп көрсетті. Мұндай шығармашылық кездесулер жастарға қиялды дамытып, ұсақ-түйекке мән беруді үйретеді және жай ғана жақсы көңіл-күй сыйлайды. Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы — шабыт пен дамудың мекені.