Теміртауда түнде Металлургтер даңғылында «Mercedes-Benz» автокөлігі өртенді


Теміртаулық құтқарушылар үшін бұл күн тыныш басталмады. 13 қарашада таңғы сағат 05:30 шамасында төтенше жағдай орын алды. Металлургтер даңғылында, 22/1 үйінің маңында тұрған «Mercedes-Benz» жеңіл автокөлігі лаулап жана бастады.