Теміртау Жастар ресурстық орталығында 9 жастан бастап қыздарға арналған хореография сабағы ашылды
Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық бағыттарды дамыту жалғасуда. Солардың ішінде ең сұранысқа ие үйірмелердің бірі – хореография, мұнда жас қатысушылар қозғалыспен ғана емес, пластика мен музыка арқылы өзін білдіруді үйренеді.