ҚарИУ-де «SMART COMPLIANCE: Заң мен тәртіп» орталығы ашылды
Қарағанды индустриалды университетінде жаңа жоба — «SMART COMPLIANCE: Заң мен тәртіп» орталығы ашылды. Бастама студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және комплаенс пен тәртіп қағидаттарын академиялық ортада ілгерілетуге бағытталған.