Теміртауда электр энергиясы жоғалтуларымен күрес басталды
Теміртауда қалалық электр желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов негізгі аумақтардың біріне барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысып, энергиямен қамтудың сенімділігін айтарлықтай арттыруға тиіс жаңартуларды өзі бақылап қайтты.