Теміртаулық ортопед-массажшы ерекше балаларға жаңа жылдық мейірім сыйлайды
Теміртау қаласында адамға саулық, күш-қуат, өзіндік сенім сыйлай білетін жан тұрады. Ортопед-массажшы Маргарита Лысак 13 жыл бойы талай жанды қайта аяққа тұрғызған. Ал бос уақытында өлең жазып, Жаңа жыл қарсаңында ерекше балалар үшін қайырымдылық бастамасын қолға алған.