ҚарИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледждің жаңа корпусы ашылды
15 желтоқсанда Теміртау қаласында «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ жанындағы Техникалық-экономикалық колледжінің жаңартылған корпусының салтанатты ашылуы өтті. Білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға және білікті мамандар даярлау үшін заманауи жағдай жасауға бағытталған ғимаратты қайта құру жұмыстары қаланың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың кезекті кезеңі болды.