Домбырашылар Теміртау тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Теміртауда «Қарақат» мектеп-студиясының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музыкалық құттықтау ұйымдастырды. Жас таланттар қала тұрғындарына басты мемлекеттік мерекенің маңызын еске салып, ұлттық аспап — домбыраның әуені арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат етті.