Теміртаулық чемпиондар қала әкімінің «Altyn Samgay» сыйлығымен марапатталды


Теміртау мәдениет сарайында қаланың үздік спортшыларын әкімнің «Altyn Samgay» сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Шарада спортшылар мен спорт бірлестіктерінің қала спортын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.