«Жасыл ел – 2025» қорытындысы
Темиртау қаласында «Жасыл ел» жобасы ресми түрде 21 сәуірде бастау алды. Дәл осы күні еңбек жасақтарына жастарды қабылдау жарияланған. 2025 жылға 1000 орын бөлініп, оның 300-і квота бойынша жеңілдікке ие қатысушыларға берілді. 700 орындық негізгі лимит санаулы минуттарда толып үлгерді. Өтінім беріп үлгермегендер үшін резервтік тізім ашылды.