Теміртауда дзюдо жылы қорытындыланды


Теміртау қалалық мәдениет сарайында дзюдо, самбо және қазақ күресі мектебінің жылдық жұмысы қорытындыланды. 2025 жылы мектеп рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді: мыңға жуық тәрбиеленуші және халықаралық аренадағы ондаған медаль.