Қасақана өрт және жарақат алу: Теміртаудағы Жаңа жыл күндеріндегі оқиғалар
Теміртауда республикалық «Пиротехника» және «Қауіпсіз жаңа жыл» науқандары қорытындыланды. Өткен жылдың соңғы он күнінде Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мереке қайғылы жағдайға ұласпауы үшін күшейтілген режимде жұмыс істеді. Дегенмен, оқыс оқиғаларсыз болмады.