«Дала қырандары» «Заң мен тәртіп» қағидаттарын зерделеуде
Теміртауда «Дала қырандары» қозғалысының белсенді жастарымен құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды. Прокуратура, полиция және әкімдік өкілдері жастарға «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі қағидаттарын түсіндірді. Басты мақсат — қалалық қауіпсіз ортаны қалыптастыруға жастар қанатын кеңінен тарту.