Қазақстанда қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
Ол 10 ақпанға дейін жалғасады. ҰБТ-қа қатысуға шамамен 187 мың адам өтініш беріп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсыруды қаласа, 24,6%-ы – орыс тілінде, 189 адам – ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген.Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, профильдік пәндер арасындағы ең көп таңдалған комбинация – «Математика-Физика» (19,2%). Бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Одан кейінгі комбинациялар – «Биология-Химия» (16,9%) және «Шығармашылық емтихан» (9,7%), тиісінше болашақ дәрігерлер мен шығармашылық сала мамандары.