Қауіпсіз христиандық шомылу рәсімі


Теміртауда дәстүрлі христиандық шомылу рәсімі өтті. Негізгі шара Самарқанд су қоймасында ұйымдастырылып, онда арнайы ойықтар дайындалды. Аязды ауа райына қарамастан, ондаған қала тұрғыны мұздай суға түсуге келді. Іс-шараның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнында жедел қызмет өкілдері кезекшілік атқарды.