Теміртаудағы жылу желісінде екінші апат
Теміртау тұрғындары қыстың ортасында тағы да жылусыз қалды. Бүгін, 19 қаңтарда 8-шағын аудан мен «Отрадное» ауданын жылумен қамтамасыз ететін желіде кезекті ақау анықталды. Оқиға орнында арнайы техника мен «Оқжетпес-Т» мекемесінің апаттық бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 13 қаңтарда осы ауданда дәл осындай құбыр жарылған болатын. Әкімдіктің хабарлауынша, аталған жылу магистралінде екі жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілген, алайда соңғы 100 метрін аяқтау қалған. Апат дәл осы жөндеуден өтпеген аймақта орын алды.