Әкімдікте қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Теміртау әкімдігінде жылыту маусымының барысы туралы кеңес өтті. Күн тәртібінде — мердігер ұйымдардың жұмысы және коммуналдық қызметтердің жедел әрекет етуге дайындығы. Теміртау қаласының әкімі мердігерлерге диспетчерлік қызметті күшейтуден бастап, апаттық бригадалардың толық техникалық дайындығына дейінгі бірқатар міндеттер жүктеді.