«Антология»: Қарағандының ең үздік фотосуреттері Теміртауда
Теміртаудың тарихи-өлкетану мұражайында ерекше көрме ашылды. Мұнда Қарағандының «Антология» фотоклубы өз жұмыстарын ұсынып отыр. 36 фотографтың көзімен түсірілген 150-ден астам сурет — әр кадрде бір тарих, бір эмоция. Көрмені кез келген тұрғын барып тамашалай алады.