Құқықтық көмек: Теміртауда «Халық заңгері» акциясы өтті


Теміртау қаласының Мәдениет сарайында республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған іс-шара қала тұрғындарына жетекші сарапшылар мен мемлекеттік орган басшыларынан білікті көмек алуға мүмкіндік берді.