Мұз айдынындағы тегін бос уақыт


Теміртауда қысқы спорт әуесқойлары үшін аулаішілік мұз айдындары жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда алаңдар толығымен сумен толтырылып, барлық ниет білдірушілер үшін дайын тұр. Мұз нысандарына бару тегін — тек өз конькилеріңіз бен спорттық жабдықтарыңыз болса жеткілікті.