Қатып қалу зардаптарын жою: Теміртаудағы жылу желісіндегі апаттың салдары
Теміртауда әкімдік маңындағы жылу желісінде болған апаттың салдарын жою жұмыстары аяқталды. 23 қаңтарға қараған түні жылу желілеріндегі үзілу салдарынан 10-нан астам тұрғын үй жылусыз қалды. Төмен температураның кесірінен жылу жүйелері қатып қалды. «Жарық Қала» ЖШС мамандары көмекке келіп, құбырларды жылыту және циркуляцияны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.