Су құбырының жағдайы ретке келтірілді


Абай көшесі, 72 мекенжайындағы үйдің жертөлесінде суық су құбырының жарылуы жойылды. Тұрғындардың өтінішінен кейін комиссия нысанды тексеріп, апатты қалпына келтірді. Әкімдіктен хабарлағандай, қазіргі жөндеу жұмыстары — уақытша шара: аталған аумақта жылу трассасы мен суық су желілерін толық ауыстыру жаз айларына жоспарланған.