Анастас Касапиди — өмірін сеніп тапсыратын хирург


Ол ең күрделі жағдайлардан қорықпайды, ауыр оталарды жасаудан тайсалмайды және заманауи хирургия — бұл тек технология емес, ең алдымен үлкен жүрек екенін күн сайын дәлелдеп келеді. Бүгін «Біздікілерді таны!» айдарында — Теміртау қалалық көпбейінді ауруханасының бірінші хирургия бөлімінің меңгерушісі, көпжылдық тәжірибесі бар, абыройлы дәрігер — Анастас Васильевич Касапиди.