Теміртауда интернационалист-жауынгерлерді еске алды
Теміртауда әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен еске алу науқаны өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуы қарсаңында, монумент басына соғыстың қиындығын кешкен ардагерлер және бұл ауыр жылдар туралы тек тарих оқулықтарынан білетін жастар жиналды.