Ауған соғысы ардагерлерінің мектеп оқушыларымен диалогы


Теміртау қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларының Ауғанстандағы соғыс қимылдарының ардагерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Оқушылар сол жылдардағы оқиғалар мен әскери қақтығыстың зардаптары туралы ашық диалог барысында тікелей куәгерлердің өз аузынан естіді.