Теміртау кәсіпкерлеріне салық режимін таңдау туралы ескерту жасалды


Теміртауда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне көшуге байланысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Шаңырақ» орталығының волонтерлерімен бірге кәсіпкерлерге арнайы салық режимін таңдау туралы хабарлама беру қажеттігін ескертуде. Бұл шараны 2026 жылдың 28 ақпанына дейін аяқтау қажет.