Теміртауда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға жағдай жасалуда
Соңғы екі жылда Теміртауда жеті ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Өсу қарқынын сақтап, инвестициялық ортаны дамыту мақсатында қала әкімдігінде прокуратураның бастамасымен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті. Басты мақсат — мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы нақты үйлесімділік пен өзара іс-қимылды орнату.