Теміртау қаласындағы Жастар үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Қалалық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара ірі кәсіпорындар мен жұмыс іздеушілер арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Кездесудің басты мақсаты — жай ғана бос орындар тізімін ұсыну емес, тұрғындардың нақты жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету.