Қола жүлде: «Китацу» клубының балуандары облыстың үздік үштігіне енді!


23-27 ақпан аралығында Қарағандыда студенттер арасында мерейтойлық жиырмасыншы облыстық спартакиада өтті. Кейбіреулер үшін бұл жай ғана кезекті жарыс болса, теміртаулық «Китацу» дзюдо клубының тәрбиеленушілері үшін бұл турнир өз атағын тағы бір мәрте дәлелдеу мүмкіндігіне айналды.