Теміртауда 8 наурызда екі қыз бала дүниеге келді


Халықаралық әйелдер күні Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасының акушерлік-гинекологиялық орталығында алты сәби — екі қыз және төрт ұл бала дүние есігін ашты. Медицина қызметкерлері үшін бұл әдеттегі жұмыс күні болса, аналар үшін өмірдегі ең басты мереке.