Теміртауда ақын Өмірзақ Қожамұратовты еске алу кеші өтті
Осы көктемгі күндері Теміртаудың мәдени өмірі тек әнмен ғана емес, терең көркем сөзбен де өрнектелуде. 13 наурыз күні Мәдениет сарайында көрнекті ақын Өмірзақ Қожамұратовтың 90 жылдығына арналған поэзия кеші өтті.