Республика даңғылындағы үйлерді кәріз суы басып жатыр


Республика даңғылы, 91-95 мекенжайындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары жертөлелерді кәріз суы басып жатқанына шағымдануда. Қала тұрғындарының айтуынша, олардың өтініштері бірнеше күн бойы ескерусіз қалған, ал бұл мәселенің созылып келе жатқанына көп жыл болған. Қазіргі уақытта «АКВА-Трейдинг» ЖШС апатты жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.