Теміртауда мүгедектігі бар балалардың үйде оқу шығындары өтеледі


Теміртауда және Ақтау кентінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Аппараттық кеңесте үйде оқу шығындарын өтеу мәселесі талқыланды. Бұл төлем денсаулығына байланысты мектепке бара алмайтын балалардың ата-аналарының шығындарын ішінара жабуға арналған.