Заңсыз экологиялық арт-манифесттен аймақтың алғашқы муралы мен қалалық саясаттың бір бөлігіне дейін.
Осыдан 10 жыл бұрын Теміртауда үлкен қоғамдық резонанс тудырған «Пляшем!» атты алғашқы муралдардың бірі пайда болды. Заңсыз авантюра ретінде басталған арт-манифесттің қалайша заманауи өнер саласындағы беделді сыйлықтың номинанты және қалалық саясаттың ажырамас бөлігіне айналғаны туралы келесі сюжетте баяндаймыз.