Теміртауда тіркелген кәсіпкерлер қатарында 2500-ден астамы БҚМ қолданбай отыр


Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерді тексеру тәсілін өзгертті. Қазіргі уақытта қала бойынша 8 мыңға жуық бақылау-кассалық машина тіркелген. Алайда мамандардың талдауы көрсеткендей, олардың төрттен бірінен астамы аппараттарды пайдаланбайды.