Депутат өз округіндегі шұңқырларды жөндеуде


Теміртаудағы тозығы жеткен ішкі орамдық жолдар қаланың өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Көптеген аймақтарда ескі жабынның тозуына байланысты қозғалыс қиындаған. Депутат Тигран Зулоян өзінің №12 сайлау округіндегі жол шұңқырларын тегістеу жұмыстарын ұйымдастыруды жөн көрді.