Патриоттық сурет байқауының жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды


Jastar Ortalygy-нда «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды! — Есімде! Мақтаныш етемін!» атты патриоттық сурет байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып, оның операторы ретінде Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі болды.