Теміртау мұражайындағы «Дәстүрдің мәңгілік тынысы»
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында шебер Төлеуғазы Дүйсембековтің «Дәстүрдің мәңгілік тынысы» атты жеке көрмесі ашылды. Келушілер жай ғана қолөнер бұйымдарын емес, ұлттық ою-өрнектер мен көне бейнелер жаңғырған нағыз өнер туындыларын тамашалады.