«Jastar Ortalygy» экскурсиясы
«Jastar Ortalygy» — өсіп келе жатқан ұрпақтың бастамаларын қолдауға, шығармашылық әлеуетін шыңдауға және тұлғалық тұрғыдан өсуіне бағытталған заманауи алаң. Орталық таланттарды ашуға көмектеседі және ортақ мақсат жолында белсенді жастардың басын біріктіреді.