Әйел денсаулығы күнінде Теміртау дәрігерлері маңызды мәселелерді еске салды
28 мамыр — Әйел денсаулығы күніне орай дәрігерлер алдын алу шаралары мен тұрақты тексерілудің маңыздылығын тағы да алға тартты. Өз денсаулығына күтіммен қарау және мамандарға дер кезінде жүгіну неліктен маңызды екенін Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасына қарасты емхананың акушерлік-гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Анастасия Каменская айтып берді.