«Муравейник» — ұрпақ тәрбиелейтін театр


Теміртауда қырық жылға жуық уақыттан бері «Муравейник» балалар театры жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде оның сахнасынан жүздеген бала түлеп ұшты, ал бүгінде олардың көбі бұл жерге өз немерелерін әкелуде. Театрдағы сабақтар тегін, ал педагогтардың басты көмекшілері — ата-аналар. Ұжым жетекшісі үшін театр неліктен бірінші кезекте үлкен отбасы болып табылады және бүгінде өзіндік көркемөнерпаздар ұжымдарына не жетіспейді?