Алдын алу шарасының шығармашыл тәсілі
Теміртауда балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа, лудоманияға және буллингке қарсы бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» атты жазғы ойын-сауық және ақпараттық науқан шығармашылық тәсілмен бастау алды. Жоба «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.