Теміртау тұрғындары аулаларын өз күштерімен абаттандырды
Редакциямыз «Теміртаудың көрікті аулалары» айдарын ары қарай жалғастырады. Бұл жолы түсірілім тобымыз Байсейітов көшесі, 3-ші үйдің ауласында болып қайтты. Бұл аула әр бұрышы гүлдер мен жайқалған бұталарға толы, нағыз жасыл лабиринтті еске түсіреді.