Теміртаудың жеңіл өнеркәсібі: еңбек адамдарына құрмет көрсетілді
Теміртауда Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтілді. Қала әкімдігінде салалық кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтіп, онда үздік қызметкерлер адал еңбегі мен өндірістің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.