Теміртауда Домбыра күні атап өтілді


Шілденің әрбір алғашқы жексенбісінде еліміз Ұлттық домбыра күнін асқан мақтанышпен атап өтеді. «Шығыс» саябағында осы айтулы оқиғаға орай зор маңызға ие, тартымды фестиваль ұйымдастырылды. Шығармашылық ұжымдардың мерекелік нөмірлері, атақты күйлердің нақышына келтіріле орындалуы және салтанатты атмосфера жүздеген қала тұрғындарының басын қосты.